Қазақстанда тағы бір дәрі сатылымнан алынады

Рая Минап
Фото: depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық «Стрептоцид» дәрісін сатылымнан алып тастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы отандық өндірістегі «Стрептоцид» дәрісін айналымнан алып тастау туралы тапсырма берді.

Бұйрықта жазылғандай, салмағы 300 миллиграмм, бір қорабында 10 таблетка бар «Стрептоцид» дәрісін қолдануға тыйым салынған. Бұйрыққа сай, енді дәрі айналымнан толық алынады.

Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасына бір күн ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін, сараптама ұйымын, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын  және «СК-Фармацияны» бұл шешім туралы хабардар ету міндеттелді.

Стрептоцид – жараларды, кесілген жерлерді және күйіктерді өңдеуге қолданылатын бактерияға қарсы дәрі.

МӘМС АРҚЫЛЫ ТЕГІН ДӘРІ СҰРАЙТЫНДАР ТУРАЛЫ

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов тегін дәрілерге қатысты сұраққа жауап беріп, ауырмауға кеңес бергені қызу талқыға түскен болатын.