АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Иранмен соғысқа дейін келісімге келу «мүмкін болмағанын» мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Уиткоффтың айтуынша, ақпан айының соңында өткен келіссөздердің үшінші кезеңінің соңына қарай келісімге қол жеткізу мүмкін емес екені айқын болған, деп жазады DW.
– Келісімге келу мүмкін емес екені екінші кездесудің соңында-ақ түсінікті болды. Дегенмен біз соңғы талпыныс жасау үшін үшінші кездесуге қайта бардық, – деді ол.
КЕЛІССӨЗДЕР
Уиткофф Женевада Иран делегациясымен өткізген бірқатар кездесулерін сипаттады. Оның айтуынша, америкалық тарап Иранға уран байытудан он жылға толық бас тартуды ұсынып, оның орнына Америка Құрама Штаттары Иранның энергетикалық ресурстарын сатып алуға дайын болған.
– Біз он жыл бойы байытудан толық бас тарту мәселесін талқыладық және отын үшін ақы төлеуге дайын едік. Бірақ олар мұны қабылдамады. Сол сәтте біз олардың ядролық қару жасау мақсатында байытуды сақтап қалудан басқа жоспары жоқ екенін түсіндік, – деді Уиткофф.