Аса ірі көлемде есірткі өткізген ақтөбелік тергеліп жатыр

Ulysmedia

Ақтөбе есірткі және психотроптық заттарды аса ірі көлемде сақтау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Uysmedia.kz.

көрнекі фото, ашық дереккөзден

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті.

Қаржылық барлаудың талдамалық материалдары негізінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткінің түрлерін, оның ішінде синтетикалық есірткілерді аса ірі көлемде сатумен айналысқан Ақтөбе қаласының тұрғыны анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ол қылмыс үстінде ұсталып, оның тұрғылықты жерінде тінту жұмыстары жүргізіліп, одан «Alfa-PVP» синтетикалық есірткі заты; кокаин және каннобиноидты топтың есірткі заттары табылып, тәркіленді.

“Аталған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді”, – делінген хабарламада.