Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов журналистерге Кәрім Мәсімовтің қайда отырғанын айтпады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Санжар Әділов бұл мәселеге қатысты ақпарат арнайы комитет арқылы берілетінін айтты.
- Мен жауап бердім. Басқалардың да қайда отырғанын мен ешкімге айтқан емеспін. Кімді айттым?, – дейді Әділов.
Санжар Әділов Мәсімовтің қайда отырғанын тек жақындары мен адвокаты білетінін жеткізді.
МӘСІМОВ
2023 жылдың сәуірінде сот Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты үкім шығарды. Сот тағайындаған түпкілікті жаза мүлкі тәркіленіп, 18 жылға бас бостандығынан айыру және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыру болды.
Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары әрі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш кінәлі деп танылып, Қаңтар оқиғалары туралы іс бойынша шартты үкіммен сотталды.