Ираннан Қазақстанның 66 азаматы елге қайтарылды

Сырым Қаржас
Reuters

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен құзырлы мемлекеттік органдар Таяу Шығыс аймағындағы жағдайға байланысты эвакуация жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Эвакуация басталғаннан бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 4700-ден астам қазақстандық елге оралған.

Азаматтар әуе рейстерімен қоса, жерүсті жолдары арқылы да шығарылып жатыр. 6 наурызда ҚР шетелдегі мекемелері "Заркух" компаниясының 7 қызметкерінің қатысуымен Иран-Армения шекарасынан 7 қазақстандықты елге қайтарды. Алдағы жоспар бойынша "Заркух" компаниясы тағы 16 азаматты осы бағытта эвакуациялауды ұйымдастыруды көздеп отыр.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінге дейін Ираннан жалпы 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.

–  Өңірдегі Қазақстан дипломатиялық өкілдіктері эвакуация жұмыстары мен отандастарымызбен байланысуды тұрақты түрде үйлестіріп отыр, – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.