Бакудегі әлем кубогы кезеңі: Милад Карими күміс жүлдегер атанды

Сырым Қаржас
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде (Әзербайжан) өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Карими еркін жаттығулар финалында екінші нәтиже көрсетті. Финалда ол 14.300 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады.

Бірінші орынды 14.533 ұпаймен Беларусь өкілі Егор Шарамков иеленді. Ал үшінші орын жапониялық Казуки Минамиге бұйырды — 14.200 ұпай.

Бүгін, 7 наурыз күні, сондай-ақ қоссырықтағы жаттығулардың финалы өтті. Қазақстандық Дмитрий Патанин 13.166 ұпаймен жетінші орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасын алда тағы бірнеше финал күтіп тұр. Милад Карими мен Дияс Тойшыбек кермедегі жаттығуларда өнер көрсетеді. Ал Зейнолла Идрисов пен Нариман Курбанов ат үстіндегі жаттығуларда бақ сынайды.