Асылхан Асан фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Сырым Қаржас
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Швейцарияның Айроло қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Елімізге жүлдені Асылхан Асан әкелді. Қазақстандық спортшы ерлер арасындағы жекелей жарыста жеңімпаз атанды.

Ол төрешілердің шешімімен 99.84 ұпай жинап, жарыста жеңіске жетті.

Екінші орынды Роман Бондарчук (Украина) иеленді - 99.45 ұпай. Үздік үштікті Эллиот Примо (Канада) түйіндеді – 93.76 ұпай.

Еске салайық, бұған дейін дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділет Алмат Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алтын жүлде жеңіп алғанын жазған едік.