Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тағы Индиан-Уэллс турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастап, осы кезеңде америкалық Хейли Баптистпен (WTA рейтингінде 43-орын) кездесті. Қазақстандық теннисші үш сет қорытындысы бойынша 7:6, 2:6, 6:2 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың келесі айналымына өтті.
Елена үшінші айналымда әлемнің 28-ракеткасы, украиналық теннисші Марта Костюкпен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, Елена Рыбакина 2023 жылы Индиан-Уэллс турнирінің чемпионы атанған. Ал 2025 жылы қазақстандық теннисші турнирдің 1/8 финалына дейін жетіп, жарыстың жеңімпазы атанған ресейлік теннисші Мирра Андрееваға (8-орын) есе жіберген еді.
Айта кетейік, биылғы турнирдің жүлде қоры – 9 415 725 доллар. Жеңімпаз 1 511 380 доллар сыйақы алып, 1 000 рейтингтік ұпайға ие болады.