Чехияда Қазақстан азаматы Ерғазы Досанқұлов жоғалып кетті. Бұл туралы Қазақстанның Чехия Республикасындағы елшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Дипломаттардың мәліметінше, ер адаммен байланыс 2026 жылғы 3 наурызда үзілген. Сол күннен бері ол туыстарымен хабарласпаған.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оны соңғы рет Острава қаласында көрген болуы мүмкін.
ЕЛШІЛІК КӨМЕК СҰРАДЫ
Елшілік азаматтардан іздеу жұмыстарына көмектесуді сұрады.
– Оның қайда екенін білетін қандай да бір ақпарат болса, Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы елшілігіне хабарлауды сұраймыз, – делінген хабарламада.
Дипломатиялық өкілдікпен +420 606 926 129 телефоны немесе kazconsulprague@gmail.com электронды поштасы арқылы байланысуға болады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Вьетнамда қазақстандық бойжеткен жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені хабарланған еді.