Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалған қазақстандық қыз табылды

Сырым Қаржас
Видео кадры

Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалған қазақстандық қыз табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы жоғалып кеткен қыздың әпкесі Рузана хабарлады. 

- Әсем табылды. Әзірге оның қандай жағдайда табылғанын айта алмаймын. Іздеуге көмектескен құзырлы органдарға алғысымды айтамын, – дейді Рузана. 

Әпкесінің сөзінше, қазіргі уақытта Әсемді қайтаруға қажет билеттің мәселесін шешу керек. 

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін Әсем Әубәкір есімді Қазақстан азаматының Вьетнамда түсініксіз жағдайда жоғалып кеткені туралы хабар тарады. Ол соңғы рет 6 наурыз күні Хошимин қаласынан байланысқа шыққан еді.