Астанада дәрет сындырған шетелдіктерге Қазақстанға кіруге тыйым салынды

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөзден

Астананың қақ ортасында дәрет сындырған шетелдіктерге бес жылға Қазақстанға келуге тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.

 

Мән-жай

Әлеуметтік желіде тапатал түсте шетел азаматтары Астанадағы Достық көшесінің бойындағы мекеме алдында дәрет сындырғаны бейнеленген видео тарады. Видео авторы оқиғаға қатысты құзырлы органдардан шара қолдануды сұрайды.

Полиция тәртіп бұзған адамдардың кім екенін анықтаған.

«Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзғандардың кім екенін анықтады. Олар 35 және 49 жастағы шетел азаматтары болып шықты. Олар Қазақстан Республикасының аумағынан кетіп үлгерген. Соған қарамастан кінәлілерге бес жыл мерзімге Қазақстанға кіруге тыйым салынды», - дейді полиция.

Ішкі істер министрлігі шетелдіктерге қатысты қажетті шаралар қабылдау үшін сыртқы істер министрлігін хабардар еткен.