Иранның жаңа көсемі Мұжтаба Хаменеи қастандық кезінде жарақат алған

Сырым Қаржас
Фото: Saeid Zareian/dpa/Global Look Press

Иранның жаңа рухани көсемі болып сайланған аятолла Әли Хаменеидің ұлы Мұжтаба Хаменеи жарақат алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Қазақстандағы Иранның төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукар журналистермен кездесуде хабарлады. Оның сөзінше, Мұжтаба Хаменеи отбасына қастандық жасалған кезде жарақат алған. 

- Жаңалықтарға отбасына жасалған қастандық кезінде жарақат алған деген қауесет бар. Ол кісінің (Мұжтаба Хаменеидің) алған жарақаты күрделі емес, – дейді Иран СІМ өкілі Хаменеидің неге ел алдына әлі шықпағанын түсіндіріп. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, Иранның жаңа рухани көсемі болып аятолла Әли Хаменеидің ұлы Мұжтаба Хаменеи сайланған болатын. 56 жастағы Мұжтаба Хаменей Иранды үздіксіз 37 жыл билеген аятолла Әли Хаменеидің ұлы. Әли Хаменей 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің әуе шабуылы кезінде қаза болған.