Қазақстан соғысқа қарсы ресейлік жасөспірімді елден шығармайтын болды

Сырым Қаржас
Фото: Азаттық

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы 16 жастағы Ресей азаматы Тимур Турковтың шағымын ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сот оның Ресейге депортациялау туралы ювеналды соттың бұрынғы шешімін күшін жойды.

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, 16 жастағы Тимур Турков былтыр 12 қыркүйекте Мурманск облысынан Қазақстанға қашып келді. Ол Ресейдің саяси бағытымен келіспейтінін және 18 жасқа толғанда соғысқа жіберілу қаупінен қорыққанын айтып, босқын мәртебесін алуға тырысқан.

БҰҰ

Бұған дейін БҰҰ-ның адам құқықтарының жағдайы жөніндегі арнайы баяндамашысы Мариана Кацарова Қазақстан президентіне хат жолдап, Ресей азаматы, кәмелетке толмаған жасөспірім Тимур Турковты елден депортацияламауды сұраған болатын.