Петропавлда белсенді Вадим Курамшин сот шешімімен 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Петропавл соты Вадим Курамшинді 456-2-бабы әлеуметтік желіде «жалған ақпарат таратқаны» үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке қамаған. Азаттық радиосының жазуынша, белсендіні әкімшілік жауапкершілікке тартуына оның Конституцияны талқылағандарды жазалап жатқаны туралы посты себеп болған.
Сотта Вадим Курамшиннің өзі тағылған айыппен келіспеген. Ол конституциялық құқығын пайдаланып, өз пікірін айтқанын жеткізген.
Контекст
Вадим Курамшин бұған дейін Қазақстан түрмелерінде қамауда отырғандардың құқығын қорғаумен танылған. Кейіннен өзі де қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 12 жылға сотталған. 2018 жылы бостандыққа шыққан. Құқық қорғаушылар істің саяси астары барын айтқан.