Ербол Хамитов Милан–Кортина Паралимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу дисциплинасында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов тамаша нәтиже көрсетіп, Паралимпиада чемпионы атанды.
- Бұл – Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік әрі ел спорты тарихындағы жарқын сәттердің бірі. Спортшымызды тарихи жеңісімен құттықтаймыз!, – дейді спорт министрлігі.
ҚОЛА
Еске салайық, бұған дейін Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленген болатын.