Қазақстан триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Сырым Қаржас
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Гонконгта өткен триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қыздар арасындағы жарыста Диана Ержанова жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді. Ол жарыс қашықтығын 01:01:59 нәтижесімен аяқтады.

Екінші орынды Канаде Сугиура (Жапония) иеленді – 01:02:16. Ал үшінші болып Пак Со Ын (Оңтүстік Корея) мәреге жетті – 01:02:43.

Ұлдар арасында Рамазан Айнегов 55:39 нәтижесімен қола медаль жеңіп алды. Бірінші орынды жапониялық Коносуке Учида иеленді – 55:22. Оның командаласы Даики Нишизаки 55:34 нәтижесімен екінші орын алды.