Әшімбаев өзін вице-президент болуға лайық санай ма?

Сырым Қаржас
Фото: сенат

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев референдумда таңдауын жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Артынша журналистер Әшімбаевқа бірнеше сұрақ қойды. Оның ішінде, сенат төрағасы “өзін вице-президент болуға лайық па?” деген сұраққа жауап берді. 

- Кез келген мәселе сұраққа жауапты жауап беруіміз керек. Себебі заң аясындағы талаптар бар. Ол талаптарды бұзуға ешқандай құқығымыз жоқ. Сондықтан Конституцияны халқымыз қолдап жатса, шешім қабылданып жатса, тиісті шешім Конституцияға қатысты қабылданатын болады. Егер халық Конституцияны қолдаса, ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл мәселелерге референдумнан кейін жауап беремін. Қазір мен айтқан нәрсе қолданыстағы заңнамаға қайшы болуы мүмкін. Сондықтан біз мұндай сұрақтарға референдумнан кейін жауап береміз, – дейді сенат төрағасы. 

ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ ЛАУАЗЫМЫ

Бұған дейін Қазақстанда вице-президент лауазымын енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқаны хабарланған болатын. Болашақ бір палаталы парламент «Құрылтай» деп аталып, оның құрамында 145 депутат болады, ал өкілеттік мерзімі 5 жыл. Сонымен қатар Президент жаңа жоғары консультативтік орган  Қазақстанның Халық кеңесін құруды ұсынды.