"Саяси қызметтегі әрбір тұлға елдің дамуына үлес қосамын дегенді ойлауы керек" - Балаева

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

 

Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Балаева журналистермен әңгіме барысында вице-президент лауазымына қатысты ойын айтты. 

- Бұл жерде, менің ойымша, саяси қызметтегі әрбір тұлға жұмысында бастысы өз бағытында елдің дамуына үлес қосамын деген мәселені ойлауы керек. Вице-президент, министр не жай басқарма басшысы бола ма, ол маңызды емес. Мен өз жігерімді қай лауазымды атқарсам да жігерімді. күш-қуатымды, тәжірибемді елімнің дамуына қосамын деп ойлаймын, – дейді Балаева. 

ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ ЛАУАЗЫМЫ

Бұған дейін Қазақстанда вице-президент лауазымын енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқаны хабарланған болатын. Болашақ бір палаталы парламент «Құрылтай» деп аталып, оның құрамында 145 депутат болады, ал өкілеттік мерзімі 5 жыл. Сонымен қатар Президент жаңа жоғары консультативтік орган  Қазақстанның Халық кеңесін құруды ұсынды.