Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Зейнолла Ыдырысов Антальядағы (Түркия) Әлем кубогы кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстандық гимнаст ат снарядындағы жаттығуда күміс медаль жеңіп алды.
Финалда Ыдырысов төрешілердің шешімімен 13.733 ұпай жинады.
Ирландиялық Рис Маккленаган жарыс жеңімпазы атанды - 13.900 ұпай. Ал оның отандасы Джеймс Хикки 13.566 ұпаймен үшінші орын алды.
Айта кетейік, қол тіреп секіру жаттығуының финалында қазақстандық Роман Маменов өнер көрсетеді.