Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапонияда өткен Азия чемпионатында екінші орын алды

Сырым Қаржас
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстанның жеңіл атлетика құрамасы Жапонияның Номи қаласында өткен спорттық жүрістен Азия чемпионатында жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Құрлықтық жарыстың жүлдегерлері қатарына Ясмина Тоқсанбаева енді.

Жартылай марафон қашықтығында қазақстандық спортшы екінші болып мәреге жетті. Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесі – 1:37:17.

Бірінші орынды Қытай спортшысы Чжан Тин иеленді – 1:36:18. Ал қола жүлде тағы бір қытайлық Лю Хайяньге бұйырды – 1:38:45.