Анна Данилина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліп қалды

Сырым Қаржас
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің финалында жеңіске жете алмады. Ол сербиялық теннисші Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Финалда қазақстандық-сербиялық дуэт Чехия өкілі Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсенд жұбымен кездесті.

Матчта қарсыластары екі сетте жеңіске жетті – 7:6 (7:4), 6:4. Ойын 1,5 сағаттан сәл астам уақытқа созылды.

Данилина мен Крунич матч барысында бір эйс жасап, үш брейк-пойнттың біреуін пайдаланлы. Ал олардың қарсыластары екі эйс орындап, бір қос қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды.

Финал басталар алдында Синякова мен Таунсенд фаворит саналған еді. Нәтижесінде дәл осы жұп Индиан-Уэллс турнирінің жеңімпазы атанды.