Алдағы күндері үш мегаполисте ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

"Қазгидромет" синоптиктері елдің үш ірі қаласына 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Астанада 16 наурызда құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар жаууы мүмкін. Таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Түнде ауа температурасы шамамен -2…-4°C болады, күндіз 0…+2°C-қа дейін жылынады.

17 наурызда жауын-шашынсыз, алайда түнде суып, температура -7…-9°C-қа дейін төмендейді, күндіз шамамен +1…+3°C болады.

18 наурызда да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде температура -8…-10°C-қа дейін төмендеуі мүмкін, ал күндіз шамамен +1…+3°C болады.

Алматыда бұл күндері жауын-шашынсыз, күн жылы болады.

16 наурызда түнде -1…-3°C, күндіз +6…+8°C болады.

17 наурызда температура +8…+10°C-қа дейін көтеріледі, түнде тұман түсуі мүмкін.

18 наурызда ауа +10…+12°C-қа дейін жылынады, құбылмалы бұлтты болып, жел күшейеді.

Шымкентте күн одан да жылы болады.

16 наурызда күндіз температура +13…+15°C-қа дейін жетеді, таңертең тұман түсіп, екпіні күшті жел соғуы мүмкін.

17 наурызда күн +15…+17°C-қа дейін жылынады.

18 наурызда синоптиктер жаңбыр мен найзағай болады деп болжайды, ал күндізгі температура +15…+17°C деңгейінде сақталады.