Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова референдумдағы дауыс беру күні екі адам сотқа жүгінгенін, алайда талапкерлердің арызы қанағаттандырылмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Талап-арыздардың бірі Ақтөбе облысындағы сайлау учаскесінде Брайль қарпіндегі трафареттің оқылмауына қатысты болды. Екіншісі Астанада учаскелік комиссияның бақылаушыны учаскеден шығару туралы шешіміне байланысты дау туғызған. Сот қарауының нәтижесінде екі жағдайда да талаптарды қанағаттандырудан бас тартылған.
Жанәбілова айтуынша, жалпы дауыс беру күні 35 өтініш түскен.
- Түскен өтініштер республикалық референдум туралы заңнаманы түсіндіру, референдумның мәні, оны ұйымдастыру, оның ішінде учаскелік комиссиялардың жұмысы мен шетелде дауыс беру, сондай-ақ референдумға қатысы жоқ өзге де мәселелерге қатысты болды, - деді ол.
Барлық өтініштер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олардың бір бөлігі аумақтық комиссияларға және тиісті органдарға жолданды.
Аумақтық комиссиялардың дерегінше, ең көп өтініш Астанада 11, Алматыда 6, Маңғыстау облысында 4 дерек тіркелген. Шымкентте, сондай-ақ Абай және Қызылорда облыстарында үштен, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Павлодар облыстарында бір-бірден түскен.
- Өтініштер референдумның мазмұны, дауыс беру үдерісі, учаскелерді өзгерту, есептен шығару куәліктерін алу, учаскелердің орналасуы, сондай-ақ дауыс беру күніндегі ықтимал заңбұзушылықтар туралы болды. Аумақтық комиссиялар қолданыстағы заңнамаға сәйкес 33 өтінішке жауап берді», - деді Жанәбілова.
Орталық референдум комиссиясында барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралғанын атап өтілді. Түскен өтініштер мен жекелеген ескертулер дауыс беру барысына және референдум қорытындысына айтарлықтай әсер етпеген.
Бүгін ЦКР жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумның қорытындыларын жариялады.
Комиссияның мәліметінше, жаңа Конституцияны қабылдауды 7 954 667 азамат қолдаған, бұл дауыс бергендердің 87,15 пайызын құрайды.
Қарсы дауыс бергендер саны 898 099 адам.
БҰҒАН ДЕЙІН
Референдум бойынша қорытынды нәтижелер жарияланды.