Ресейге қарсы санкцияларға қай қазақстандық банк ілігуі мүмкін

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Еуроодақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О’Салливан қазақстандық банктерге қарсы шектеу енгізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

О’Салливан Орталық Азия елдеріне – Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанға жұмыс сапарымен барған. Оның айтуынша, бұл елдерде Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту әрекеттері болуы мүмкін деген күдік болған.

— Соңғы 6–9 айда Қырғызстаннан Ресейге және Еуроодақтан Қырғызстанға бағытталған ерекше сауда ағындарын байқадық, — деді ол.

Алайда Қазақстанға қатысты нақты шағымдар айтылмаған.

ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІ

ЕО өкілі қазақстандық банктерге қатысты екінші деңгейлі санкциялар мәселесіне де тоқталды. Оның сөзінше, қазіргі таңда Қазақстанның қаржы ұйымдарына қатысты алаңдаушылық туғызатын жайттар анықталмаған.

— Қазір біз Қазақстанның қаржы институттарынан санкция тізіміне енгізуді талап ететіндей проблемаларды көріп отырған жоқпыз. Дегенмен әлем бойынша банктердің қызметін мұқият бақылап отырмыз, — деді Дэвид О’Салливан.

Айта кетейік, бұған дейін антиресейлік санкциялардың 19-пакетінде Қазақстандағы ВТБ банкінің бөлімшесін аталған еді.

Осылайша, әзірге қазақстандық банктерге қатысты жаңа санкциялар енгізу жоспары жоқ, бірақ халықаралық бақылау жалғасып жатыр.