Антиресейлік санкциялар Қазақстан мұнайына әсер ете ме

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

Еуропалық одақтың санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О’Салливан Қазақстан мұнайының Ұлыбритания санкцияларына іліккен Дружба құбыры арқылы қалай тасымалданатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, антиресейлік санкциялар Қазақстан мұнайына қауіп төндірмейді.

О’Салливан Қазақстан мұнайына қатысты ешқандай шектеу жоқ екенін атап өтті. Оның сөзінше, қазақстандық мұнай Еуропаға кез келген тәсілмен еркін экспорттала алады.

– Қазақстан мұнайына қатысты ешқандай санкция жоқ. Қазақстан мұнайы Еуропаға кез келген жолмен еркін жеткізіле алады. Тіпті біз мұны құптаймыз, – деді ол.

ПОДКАСТ

Ресейдің Украинаға қарсы соғысы бесінші жылға аяқ басты.

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева екі дипломатпен, бірі – Еуропалық одақтың елшісі Алешка Симкичпен, екіншісі – Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майкомен сөйлесті. Спикерлер санкциялар соғысты тоқтатуда неге біз күткен нәтижені бермей тұрғанын, әне-міне Ресей экономикасы күйрейді дегенмен, ол ойымыз неге іске аспай жатқанын, соғысты шын мәнінде не тоқтатуы мүмкін екенін, Трамптың Украинадағы сирек кездесетін металдарға қатысты мәмілесінің астарында не жатқанын түсіндіруге тырысты.