Жыл басынан бері 3,3 мың адамға қандас мәртебесі берілді

Ulysmedia
Фото: Ашық дереккөзден

Жыл басынан бері 3,3 мың адамға қандас мәртебесі берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 3 335 қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған.

Елге келген қандастардың басым көпшілігі Қытайдан келген (47,8%). Едәуір бөлігі Өзбекстаннан (43,6%). Қалғандары Түркіменстан, Монғолия және Ресейден келген.

Қандастардың 58%-ы – еңбекке қабілетті.

«Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,1%-ды және зейнеткерлер 8,8%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша: 13,1%-ы – жоғары білімді, 27,1%-ы - орта кәсіби білімді, 51,9%-ы –жалпы орта білімді және 7,9%-ының білімі жоқ», – делінгенминистрлік хабарламасында.

2026 жылдың екі айының қорытындысы бойынша Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына 569 қандас қоныстанған.