Пентагон Ирандағы соғысты қаржыландыруға қосымша 200 млрд доллар сұраған

Ulysmedia
Фото: Celal Gunes/Anadolu/picture alliance

АҚШ қорғаныс министрлігі Ирандағы соғысты қаржыландыруға қосымша 200 млрд доллар сұраған, деп мәлімдейді Ulysmedia.

Мән-жай

The Washington Post басылымының жазуынша, АҚШ қорғаныс министрлігі Ақ үйден Конгрестен Иранға қарсы соғысты қаржыландыру үшін қосымша 200 млрд доллардан астам қаражат сұрауды өтінген.

Басылымның дереккөздерінің мәліметінше, Пентагон қару-жарақ қорларын жедел түрде толықтыруға мұқтаж, өйткені Иранға қарсы үш аптаға созылған қарқынды соққылар барысында олардың қоры едәуір азайған. Соғыстың алғашқы аптасында ғана АҚШ 11 млрд доллардан астам қаржы жұмсаған.

The Washington Post Конгресс мұндай көлемдегі қаржыландыруды мақұлдауы екіталай екені талай дейді. Себебі сұралып отырған сома Ресейдің соғыс бастағалы Украинаға көмек ретінде берілген сомадан да (шамамен 188 млрд доллар) жоғары.