Бүгін Жақсылық Омарға қатысты сот талқылауы басталады

Сымбат Сатыбалдина
Фото: ӨКҚ

Бүгін ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот талқылауы басталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сот кабинетіндегі мәліметке сәйкес, Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының өндірісінде Омар Жақсылыққа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтарында және 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген айыппен қозғалған қылмыстық іс қаралып жатыр. Негізгі сот талқылауы бүгін, 19 наурыз сағат 15:00-ге белгіленген.

Сотталушы Омар Жақсылық 19 наурыз сағат 15:00-ге дейін ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №73 мекемесінен Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жеткізу тапсырылды.

Іс ашық сот отырысында қысқартылған тәртіппен қаралады. Сот ісі орыс тілінде жүргізілмек.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық БАҚ пен Telegram-арналарда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. 

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде бұл жағдайға қысқаша әрі мән-жайсыз түсініктеме берілді. Олар Жақсылық Омарт денсаулығына байланысты уақытша демалыс алғанын айтқан еді. 

Артынша ҰҚК ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаған болатын