Саясаттанушы Санжар Боқаевтың ұсталуына байланысты билікке үндеу жасады

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Саясаттанушы Андрей Чеботарев билікті Санжар Боқаевтың ұсталуына қатысты жағдайды объективті түрде қарауға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Чеботарев Қазақстандағы оппозициялық партиялар мен қоғамдық қозғалыстарға қатысқан тәжірибесін еске алды. Ол билік пен оппозиция арасында өркениетті диалогтың маңызын атап өтті. Саясаттанушының пікірінше, елде мұндай диалогқа барлық мүмкіндік бар.

Сондай-ақ Чеботарев әріптесі Санжар Боқаевқа қатысты жағдайға алаңдаушылық білдіріп, құзырлы органдарды бұл мәселені заң аясында қарауға үндеді.

– Досым, әріптес-саясаттанушы әрі қоғам қайраткері Санжар Боқаевтың төңірегіндегі жағдайға алаңдап қалдым және құзырлы органдардан осы мәселеге тек заң аясында баға беруді сұраймын. Меніңше, ол секілді адамдар оң баға мен лайықты қарым-қатынасқа ие болуы керек, – деп атап өтті ол.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 18 наурызда Алматыда саяси белсенді Санжар Боқаев ұсталды

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ұсталуына байланысты пікір білдірді. Оның сөзінше, белсендінің қоғамдағы орыны бөлек, бірақ тергеу амалдарының қорытындысын күту қажет.