Синоптиктер 21-23 наурыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Кейбір күндері елдің солтүстігінде және оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жел күшейеді, ал елдің оңтүстігінде күндізгі сағаттарда найзағай болады. Республика бойынша тұман және көктайғақ болады. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
ТЕМПЕРАТУРА
Күндізгі ауа температурасы батыс өңірлерде +12…+17°С дейін, Маңғыстау облысында +18…+23°С дейін, солтүстік және республиканың орталық бөлігінде +3…+8°С шамасында, Ұлытауда +15…+20°С дейін, шығыста +5…+15°С, оңтүстікте +20…+25°С, оңтүстік-шығыста +15…+23°С дейін көтеріледі.