Қазақстанда тағы бір актер "кэнселиңге" ілікті

Сырым Қаржас
ашық дереккөз

Қазақстандық компаниялар актер Асқар Жұмабекпен серіктестікті үзіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ерлер киімін сататын дүкендердің бірі актер Асқар Жұмабекпен барлық серіктестікті тоқтатты. Компания мұндай шешімді оның агрессивті мінез-құлқына қатысты шағымнан кейін қабылдағанын, сондай-ақ енді Асқар Жұмабектің өздерінің бренд-амбассадоры емес екенін мәлімдеді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, Асқар Жұмабектің үстінен оның әріптесі шағымданған еді. Қыздың айтуынша, актер оны түсірілімге оятуды сұраған. Алайда Асқар Жұмабек өтінішін орындағаннан кейін оған дөрекі сөйлеп, қорқыта бастаған. Оның сөзінше, жанында видеограф жігіт болмағанда, жағдайдың тіпті ушығып кетер еді.

АКТЕРДІҢ ӨЗІ НЕ ДЕЙДІ

Актердің өзі де бұл жағдайға қатысты түсінік берді. Ол оғаш мінез көрсеткенін мойындап, кешірім сұрады.

– Иә, жанжал болғаны рас, ұрысқаным да рас, бірақ өзімді боқтаған кезде үнсіз қала алмаймын. Мен де адаммын және бұл қызға қатысты жаман ойым жоқ, – деді актер.