Газа секторында қаза тапқандар саны артып келеді. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметінше, 2023 жылғы қазаннан бері Израиль армиясының шабуылдары салдарынан 72 263 адам көз жұмған. Жараланғандар саны 171 944-ке жеткен. Бұл туралы «Анадолу» агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Түркиялық басылымның нақтылауынша, 2025 жылғы 10 қазанда күшіне енген атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан, Палестина анклавындағы қақтығыстар жалғасып жатыр. Газа денсаулық сақтау министрлігі Рамазан айы басталғалы жаңа соққылардан кейін ауруханаларға тоғыз адамның мәйіті жеткізіліп, тағы 30 адам жараланғанын мәлімдеді.
Ведомство дерегінше, өткен жылдың қазанында атысты тоқтату режимі енгізілгеннен кейін де Газа секторында тағы 687 адам қаза тауып, 1 845 адам жарақат алған. Сонымен қатар жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қираған ғимараттардың үйінділері астында әлі де мыңдаған адамның мәйіті жатыр. Олардың ішінде палестин тарапының мәліметіне сәйкес, бітім басталғаннан кейін қаза тапқан 756 адам бар.