Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Сырым Қаржас
Видео кадры

Астанада Қазақстан Республикасының азаматы, andersonchik1 лақап атымен танымал блогер Ювашев Ильяр Салаватовичке іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Блогерге Астана қаласы бойынша департаменті мемлекетаралық іздеуге жариялады. Ол еліміз аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінді.

Тергеу деректеріне сәйкес, Ювашев 2024–2025 жылдары интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан, оның ішінде mellstroy.gamе ресурсы да бар.

Қаржы ағындарын заңдастыру және операцияларды жасыру мақсатында 22 жалған заңды тұлға тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Осы арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен.

Ақпарат берген тұлғаларға сыйақы қарастырылған, құпиялылық сақталады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске саламыз, ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті Беларусь Республикасының азаматы, «Mellstroy» атымен белгілі блогер Андрей Буримге қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.

Интернет-казиноны насихаттау үшін блогер түрлі ұтыс ойындары мен челлендждер ұйымдастырған. Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy бренді, казино логотиптері мен сайт сілтемелері көрсетілген бейнероликтер түсіру ұсынылған. Бурим халықаралық іздеуге жарияланған.