Ердоған Таяу Шығыстағы соғысқа Израильді айыптады

Ulysmedia
Режеп Тайып Ердоған. Фото: Анадолу

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Таяу Шығыстағы соғысқа Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Режеп Тайып Ердоған Түркия халқына жасаған жолдауында Ирандағы соғысқа қатысты мәлімдеме жасады.

«Бұл – Израиль мен Нетаньяхудың соғысы. Алайда оның зардабын бүкіл әлем тартып отыр», – деді ол.

Оның сөзінше, Ирандағы қақтығыс Таяу Шығыс аумағынан шығып бара жатыр. Ердоған халықаралық қауымдастықты соғысты тез арада тоқтатуға үндеді.

Контекст

АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операциясын 28 ақпанда бастаған. Әуе шабуылы кезінде елдің рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи қаза тапқан. Ресми Тегеран қарымта жауап ретінде Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери базалары мен Израильді атқылаған. Кем дегенде екі зымыран Түркия аумағында атып түсірілген.