Алматыда Дулати көшесінде екі көлік соқтығысып, біреуі аударылды. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Полиция мәліметіне қарағанда, оқиға 24 наурыз күні сағат 17:00 шамасында Бостандық ауданында болған. Алдын ала деректер бойынша, Hyundai жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатып, ұялы телефонға алаңдап, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол сәтте қарсы бағыттағы Kia көлігімен соқтығысқан. Соққы әсерінен Hyundai аударылып қалған.
Жол-көлік оқиғасы кезінде Hyundai жүргізушісі мен оның жолаушысы зардап шеккен. Екі әйел де ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі уақытта Бостандық аудандық полиция басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.