«Қазақмыс» құрылымында өзгеріс болды – компаниялардың бір бөлігі өз ішінде қалдырылып, енді бір бөлігі сыртқа шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Корпорация активтерді қайта ұйымдастыру мәмілесінің аяқталғанын ресми түрде жариялады. Компания ішінде енді «периметр» деп аталатын жаңа құрылым қалыптасты – яғни бақылауда қалатын ұйымдардың тізімі анықталды.
Бұл тізімге ондаған кәсіпорын енді: кен өндіру, геологиялық барлау, медицина, білім беру және тіпті жеке әуе компаниясы да бар.
Сонымен қатар, бірқатар активтер топ құрамынан шығарылды. Олардың қатарында энергетика, көмір және сақтандыру саласына қатысты кәсіпорындар бар.
АКТИВТЕР
Құрылымнан Kazakhmys Energy, Kazakhmys Distribution, Kazakhmys Coal, KAZ GREEN ENERGY, «Топар» ГРЭС-і, сақтандыру активтері және басқа да кәсіпорындар шығарылған.
– Аталған ұйымдардың қызметіне қатысты барлық мәселелер енді корпорация құзыретіне кірмейді. Олар бойынша сұрақтарды тікелей меншік иелері мен басшылығына жолдау қажет, – делінген хабарламада.
КОНТЕКСТ
Активтерді қайта бөлу меншік иесінің ауысуымен байланысты. 2025 жылдың соңында кәсіпкер Нұрлан Артықбаев «Қазақмыс» активтерін сатып алған. Бұған дейін олар Владимир Ким мен Эдуард Огайдың бақылауында болған.