Астанада қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырды деген күдікке ілініп, сотталған Перизат Қайраттың көлігі аукционға қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әңгіме Перизат Қайраттың қымбат көліктерінің бірі Mercedes-Benz S450 жайлы болып отыр. Көлік шамамен 79,4 млн теңгеге бағаланған. Қазір өтінімдер қабылданып жатыр, ал сауда 7 сәуірде басталады.
Алайда бұл 79 млн теңгелік Mercedes сатылмайды.
- Бұл мүлік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 30.03.2015 ж. № 227 бұйрығымен бекітілген Қағиданың 4-тармағына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға олардың балансына беруге ұсынылмайды, – делінген хабарламада.
Автокөлік мемлекеттік мүлік департаментінің балансында тұр. Әзірге техникалық жағдайын әзірге тексеру мүмкін емес.
Сондай-ақ мүлікке шектеу қойылып, оған тыйым салынған.
СОТ ҮКІМІ ҚАНДАЙ ЕДІ?
Тасқын кезінде халықтың көмегіне жиналған қаражатты мақсатсыз пайдаланған Перизат Қайратқа сот 10 жыл, анасына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кескен болатын.