Астанадағы сауда орталығында жасөспірімдер жаппай төбелесті

Сырым Қаржас
Видеодан алынған кадр

Астанадағы сауда орталықтарының бірінде жастардың қатысуымен жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Оқиға 26 наурыз күні "Көктал" сауда ойын-сауық орталығында болған. Төбелес кезінде айқай-шу шығып, келушілердің алаңдаушылығын туғызған.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Астана полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға қатысқандардың барлығы анықталған. Төбелеске қатысы бар азаматтардың бәрі Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.