Ресейлік журналист Юрий Дудьтің Мәскеудегі пәтері «шетел агенті» ретінде тағылған айыппұлдарды төлемегені үшін бұғатталды. Бұл туралы телеграм-канал Shot жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Каналдың мәліметі бойынша, журналистің Оңтүстік Бутово ауданында орналасқан пәтеріне қатысты қаржылай операциялар жасауға тыйым салынған. Дудь бұл пәтерді 2012 жылы сатып алған. Баспана 68 мың рубль көлеміндегі қарызға байланысты бұғатталған.
Еске сала кетсек, 2025 жылғы қарашада Юрий Дудь «шетел агенті»- не тағылған міндеттемелерді орындамағаны үшін бір жыл он айға колонияға сырттай сотталған.
Юрий Дудь – ресейлік журналист және YouTube-тағы танымал блогер. Оның YouTube каналында 10 миллионнан аса оқырманы бар. Қазір ол отбасымен бірге Испанияның Барселона қаласында тұрады.