Онжылдықтың ең ірі ереуілі: ұлыбританиялықтар қымбатшылыққа наразы

Ulysmedia

Ұлыбританияда соңғы 10 жылдағы ең ірі наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Еuronews-ке сілтеме жасап.

REUTERS

Ұлттық ереуілге жарты миллионға жуық жұмысшы шықты. Ереуілшілер инфляцияның өсуі және ереуілшілер үшін ең төменгі жұмыс көлемін енгізу жөніндегі үкіметтің бастамасына наразы.

Наразылық акциясына қатысушылардың талабы –  еңбек жағдайларын жақсарту және жалақыны көтеру.

Сәрсенбі күнгі наразылық шеруіне байланысты Ұлыбританияда мыңдаған мектептер жабылды, ондаған университетте дәрістер үзілді, қоғамдық көліктер жұмысы бұзылды, теміржол қатынасы мен көптеген әуе рейстері тоқтатылды.