Қазақстан банктерінде 90 күннен асқан мерзімі өткен қарыздардың (NPL90+) үлесі бір жылда 0,6%-ға өскен. Кейбір қаржы ұйымдарында «кешіктірілген» қарыздардың көлемі 7%-дан асады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мерзімі өткен қарыздар көбейді
Halyk Finance аналитикалық орталығының соңғы банктік сектор шолуына сәйкес, 2026 жылғы ақпанда Қазақстан банктерінде 90 күннен астам мерзімі өткен қарыздардың (NPL90+) үлесі 3,9%-ға жеткен. Ал 2025 жылғы ақпанда бұл көрсеткіш 3,3% болған.
Мерзімі 30 күн немесе одан да көп кешіктірілген қарыздардың үлесі 5,1%-ға өскен (бір жыл бұрын – 4,3%). Қазақстан банктеріндегі бір айдан астам мерзімі өткен қарыздардың жалпы көлемі 2 трлн 188 млрд теңгені, ал үш айдан асқан мерзімі өткен қарыздардың көлемі 1,6 трлн теңгеден асып кеткен.
Қарызды кім қайтармай жатыр?
Halyk Finance сарапшылары кейбір банктерде «кешіктірілген» қарыздардың көп екенін атап өтті.
Бірінші эшелон банктері:
Екінші эшелон банктері:
Кредиттік тәуекел ең төмен банктер: