Disney компаниясы жаппай қызметкерлерін қысқартуға дайындалып жатыр. Алдағы апталарда шамамен мың адам жұмысынан айырылмақ, олардың басым бөлігі – маркетинг бөлімінің қызметкерлері, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚЫСҚАРТУДЫҢ СЕБЕБІ ҚАНДАЙ?
Америкалық The Walt Disney Company – әлемдегі ең ірі ойын-сауық және медиа компания. Ол алдағы апталарда мың адамды жұмыстан шығарады. The Wall Street Journal газетінің дерегінше, қысқартулар компанияның біріктірілген маркетинг бөлімінде жүзеге асады.
Қысқартудың себебі Disney әртүрлі құрылымдарды қосып, олардың өзара әрекетін жақсарту және шығындарды оңтайландыру мақсатында консолидация жүргізіп жатыр. Қаңтар айында компания бірнеше бөлімшенің маркетинг қызметтерін біріктірген. Қазір Disney+ пен Hulu стриминг сервистерінің персоналын біріктіру үстінде.
DISNEY ЦИФРЛЫҚ БИЗНЕСКЕ КӨШЕДІ
Көптеген Голливуд студиялары сияқты, Disney стримингтік жағдайға бейімделуге тырысуда. Стриминг дәстүрлі телевидениеге қарағанда әлдеқайда көп кіріс әкеледі, кассалық түсімдер төмендеп, Amazon.com сияқты технологиялық компаниялар тарапынан бәсекелестік күшейген. Сонымен қатар, Disney цифрлық бизнесте өсу әлеуетін көріп, инвестициялар үшін қаражат табуға ұмтылуда.
Шығындарды азайту стратегиясын әзірлеуге көмектесу үшін Disney Bain & Co. компаниясының консультанттарын тартты.
Былтырғы дерек бойынша, Disney компаниясында шамамен 231 мың адам қызмет етеді.