Қазақстандағы ең бай әйел кім?

Ulysmedia
коллаж Ulysmedia

Forbes басылымы Қазақстанның ең бай әйел кәсіпкерлерінің рейтингін жариялады. Тізімде 25 адам бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЛАЙ БАЙЫҒАН?

Әйел кәсіпкерлердің активтері отбасылық бизнеске немесе әріптестік құрылымдарға байланысты. Атап айтсақ, мұрагерлік, неке одағы немесе іскерлік топтардағы үлес арқылы жиналған.

Сонымен қатар, әйелдер тек үлес иелері ғана емес, басқарушылар ретінде де жиі көзге түседі. Кәсіпкерлердің басым бөлігі жаңа өнімдер шығарып, бизнесті әртараптандырады, – дейді рейтинг авторлары.

Жалпы байлық шамамен 8,1 миллиард долларды құрады. Бірақ бұл қаржы өте теңсіз бөлінген: капиталдың жартысынан көбі бір қатысушыға тиесілі болса, ал алғашқы бестік жалпы көлемнің шамамен 87%-ын құрайды.

БІРІНШІ ОРЫНДА – ДИНАРА ҚҰЛЫБАЕВА

Қазақстандағы ең бай әйел ретінде Динара Құлыбаева танылды. Оның байлығы 5,4 миллиард долларға бағаланады. Күйеуі Тимур Құлыбаевпен бірге ол банктер мен жылжымайтын мүлік саласында ірі активтерге ие (АО «Холдинговая группа «АЛМЭКС», Mercury Properties). Сонымен қатар, ол NNEF қоғамдық қорының серіктесі.

Одан кейін Мукадасхан Ибрагимова (650 млн доллар) және Дариға Назарбаева (550 млн доллар) тұр. Ибрагимова Eurasian Resources Group және АО «Евразийская финансовая компаниясының» үлесіне ие.

Ал экс-президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева Нұрәлі Әлиевпен бірге ТОО «Европа плюс Қазақстан» радиостанциясын иеленеді, бұл арқылы ТОО «Независимый Телевизионный Канал» және ТОО «Телерадиокомпания «Радиоситиде» де үлесі бар. Сонымен қатар, ТОО «Холдинговая компания DLS Group» арқылы ТОО «Наружная Реклама-Регионы» және ТОО «Телефабрика «Дала»-да үлеске ие.

Топ-5 құрамына сондай-ақ Анжела Сарсенова (249 млн доллар) және Айжан Есім (207 млн доллар) кірді.

Одан кейінгі тізімде бөлшек сауда, қаржы, жылжымайтын мүлік, өнеркәсіп және білім беру саласындағы кәсіпкер әйелдер бар: Айдан Сүлейменова, Ханшаим Сейтжанова және Жанна Сейтжанова, Алена Сүлейменова, Гаухар Каппарова, Гүлнар Досаева, Раушан Сағдиева, Ирина Козлова және Александра Соколова, Любовь Дружинина, Сәуле Сейсембаева, Элеонора Баталова, Карина Сарсенова, Әлия Маханова, Наталья Акентьева, Сәуле Зейнолла, Амина Қасымова, Сандуғаш Кемельбаева, Галина Зкрияева, Амина Ажмаганбетова.

Рейтингті Гаухар Абыкаева мен Жанна Кан аяқтайды.