Ұлан-Батырда бокстан өтіп жатқан құрлықтық біріншіліктің финалдық кезеңінде 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шешуші жекпе-жек өтті. Бұл сында отандасымыз Сабыржан Аққалықов өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сабыржан кездесудің алғашқы секундынан басымдық көрсетті. Бірінші раундта жерлесіміз дәл соққыларының арқасында 4:1 есебімен алға шықты.
Екінші және үшінші раундта Сабыржан қарқынды бәсеңдетпестен, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Шаршы алаңдағы қозғалысы мен қорғанысының жинақылығы жеңіске жеткізді.
Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебі тіркеліп, Сабыржан Аққалықов Азия чемпионы атанды.