Макс Боқаевқа мәжіліс сайлауына кандидат ретінде тіркелуіне рұқсат берілмеді

Аян Өрібай

Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Макс Боқаевтың facebook парақшасынан

Әлеуметтік желіде атыраулық белсенді кандидат ретінде тіркелу құжаттарын, оған келген жауапты жариялады.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы оны тіркеуден бас тартқан. Облыстық комиссия белсендінің сотты болғанын, оның соттылығының күні тек 2030 күші жойылатынын нұсқаған.

“Төртінші талпыныс”, – деп бағалайды бұл жолғы әрекетін белсендінің өзі.

Айта кетсек, бұған дейін белсенді Сенат сайлауына да құжатын тапсырып, ол кезде де кандидат ретінде тіркеуіне рұқсат берілмеген болатын.