Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева қазіргі уақытта Кипрдің Пафос қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Үміткерлер турниріне қатысып жүр. Ол әлеуметтік желіде жаңа жазбаларымен бөлісті. Осы орайда оның өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдаровпен түскен фотосы желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«ТАҒЫ ДА ДЕМАЛЫС»
Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы өзінің Telegram-арнасында фотосуреттер топтамасын жариялап, матчтар арасындағы демалыс күнінің қалай өтіп жатқанын көрсеткен. Суреттер арасында анасымен бірге дүкенге барған сәттер мен селфилер бар.
Алайда көпшіліктің назарын лифтте түсірілген бір кадр аударды. Онда шахматшы қыз жас жігітпен құшақтасып тұр, ал жігіт оның маңдайынан сүйіп тұр. Бұл суреттегі жігіттің Пафостағы турнирге қатысып жатқан өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаров екені байқалады.
«Тағы да демалыс», — деді шахматшы жазбасында.
Бұған дейін ФИДЕ-нің баспасөз қызметі видео жариялап, онда 22 жастағы қазақстандық шахматшының үшінші турдан кейін 20 жастағы Синдаровты матчтан соң күтіп тұрған сәті көрсетілген.
2026 жылғы Үміткерлер турнирінің 10-туры қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаева 5 ұпаймен кестеде бесінші орында тұр. Ал Жавохир Синдаров 8 ұпай жинап, ерлер арасындағы жарыста жеке-дара көш бастап келеді.
БИБІСАРА АСАУБАЕВА
Бибісара Асаубаева — қазақстандық шахматшы, 2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы (2021, 2022). Халықаралық дәрежедегі гроссмейстер (WGM) және халықаралық мастер (IM). Қазақстан құрамасының мүшесі, әлемдік деңгейдегі турнирлерде тұрақты өнер көрсетіп келеді.
ЖАВОХИР СИНДАРОВ
Жавохир Синдаров (2005 ж.т.) — танымал өзбекстандық шахматшы, гроссмейстер (2018), 12 жасында гроссмейстер нормасын орындаған әлемдегі ең жас шахматшылардың бірі. 2022 жылғы Шахмат олимпиадасының чемпионы, 2025 жылы Әлем кубогын жеңіп алған ең жас және Өзбекстанның еңбек сіңірген спортшысы.
Айта кетейік, шахматшының бұл фотосы әлеуметтік желіде түрлі пікір туғызды. Кейбірі тіпті Бибісара Асаубаева пен Жавохир Синдаровті «жүреді» деп шешкен.