Украина мен Ресей бір-бірін бітімді бұзды деп айыптады

Қалижан Бектемір
Фото: Дмитрий Смоленко/Укринформ

Украина мен Ресей православ Пасхасына байланысты жарияланған бітімді бұзды деп бір-бірін айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана уақыты бойынша 11 сәуір сағат 18:00-ден бастап атысты тоқтату режимі күшіне енген.

Украина Қарулы күштері Бас штабының мәліметінше, пасхалық бітім басталғалы бері атысты тоқтату режимі 469 рет бұзылған.

Ал Курск облысының губернаторы Александр Хинштейн Украина Қарулы күштерінің ұшқышсыз аппараты Льгов қаласындағы жанармай құю бекетіне шабуыл жасағанын мәлімдеді. Салдарынан үш адам жарақат алған.

Оның айтуынша, тіркелген 22 жағдайда қарсы тарап шабуыл әрекеттерін жасаған, 153 рет артиллериялық атқылау болған, 19 рет камикадзе-дрондар қолданылған және 275 рет FPV-дрондармен соққы жасалған.

Өз кезегінде Украина Бас штабы 11 сәуір күні Ресей Қарулы күштері 57 әуе соққысын жасап, 182 басқарылатын авиациялық бомба тастағанын, сондай-ақ 3928 камикадзе-дрон қолданғанын және елді мекендер мен Украина позицияларына 2454 рет соққы бергенін хабарлады.