Топ-лига тарихында алғаш рет әйел бас бапкер болды

Ulysmedia
Фото: ФК "Унион" Берлин

Бұрынғы Германия әйелдер құрамасының футболшысы және жаттықтырушысы Мари-Луиза Эта Берлиннің «Унион» клубын басқарады. Ол топ-5 лиганың тарихында бас бапкер атанған алғашқы әйел ретінде тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Он күннен кейін қайта тағайындалды

34 жастағы Мари-Луиза Эта «Унионның» бас бапкері болып тағайындалды. Ал бұрынғы бапкер Штеффен Баумгарт қызметінен кетті. Айта кетерлігі, небәрі он күн бұрын ол клубтың әйелдер командасын басқаруға кіріскен болатын. Тағайындау ресми түрде клубтың әлеуметтік желілерінде жарияланып, неміс маманы маусым соңына дейін бас бапкер міндетін атқаратыны айтылды.

Бапкерлікте жүргеніне жеті жыл

Бундеслига маусымы аяқталғанға дейін «Унионға» тағы бес матч қалды. Қазіргі уақытта команда 11-орында тұр. Келесі ойын 18 сәуірде өтеді – берлиндіктер өз алаңында «Вольфсбургті» қабылдайды. Қарсылас 29-турдан кейін күтпеген жерден төменгі аймақта орналасқан.

Маған клубтың осындай жауапты міндетті сеніп тапсырғанына қуаныштымын. «Унионның» ең басты күшті жағы – қиын жағдайларда барлық күшті біріктіре білетінінде, – деді ол.

Мари-Луиза Эта бапкерлік мансабын 2019 жылы Германияның әртүрлі жастар құрамаларымен жұмыс істеуден бастаған. 2023 жылы ол «Унион» ерлер командасының бапкерлік штабына ассистент ретінде қосылған, ал енді бас бапкер болып, тарихқа енді.