Мәскеуде Ленинге аяқ киімін лақтырған студент 10 тәулікке қамалды

Ulysmedia
joemonster

Мәскеуде Ленинге аяқ киімін лақтырған студент 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Ulysmediа.

ЛЕНИНГЕ ШАБУЫЛ ЖАСАҒАН СТУДЕНТ

Мәскейдің Тверь аудандық соты колледж студенті Константин Бодуновты 10 тәулікке қамауға шешім шығарды. «Медиазоны» басылымының жазуынша, «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалып, айып тағылған.

«Осторожно, Москва» телеграм-арнасының мәліметінше, 18 жастағы студент 8 сәуірде Мәскеудің қызыл алаңындағы мавзолейге барған. Онда ол Лениннің мәйіті жатқан саркофагты бірнеше мәрте ұрып, аяқ киімін лақтырған.

Константин Бодунов сотта өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Ол Лениннің жүргізген саясатымен келіспегендіктен, осындай қадамға барғанын айтқан.