Бүгін, 22 сәуір күні Астанада Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Іс-шараға мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері және шамамен 1,5 мыңға жуық қатысушы жиналады.
Саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжанның премьер-министрі Әли Асадов, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Грузия Президенті Михаил Кавелашвили, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысады.
Сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның жоғары лауазымды өкілдерінің қатысуы күтілуде.
Саммитте не талқыланады?
Форум аясында 25 тақырыптық сессия және БҰҰ-ның 18 агенттігінің қатысуымен 5 семинар өткізу жоспарланған. Негізгі тақырыптар қатарында климаттың өзгеруі, су қауіпсіздігі, шөлейттенуге қарсы күрес, биоалуантүрлілікті сақтау, жасыл экономиканы дамыту және экологиялық сын-қатерлерге бірлескен өңірлік шешімдер әзірлеу бар.
Саммит қорытындысы бойынша тараптар Орталық Азия мемлекеттері басшыларының экологиялық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Бірлескен декларациясын қабылдап, 2026–2030 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл бағдарлама БҰҰ-мен бірлесіп әзірленген.
Контекст
Айта кетейік, бұл бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қыркүйегінде өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында көтерген. Кейін бұл ұсыныс 2025 жылдың қыркүйегінде өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы барысында қолдау тапты.